Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиевті пара алды деген күдікпен ұстады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызмет Сәтжан Аблалиевті сот санкциясымен қамауға алды.
“Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Еске салайық, бұған дейін БАҚ көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев ұсталғанын жарыса жазған еді.