«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ҰҚК Алматы облысы Іле ауданы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

ҰҚК Алматы облысы Іле ауданы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады
Фото: желідегі жеке парақшасынан

Алматы облысы Іле ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Қуат Ақшабаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін желіде Қуат Ақшабаевты ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері ұстағаны туралы ақпарат тараған еді. Шенеунік 28 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгені айтылған.

Кейінірек болжамды пара сомасы шамамен 323 миллион теңгені құрауы мүмкін екені жөнінде мәліметтер пайда болды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын растады.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», – делінген tengrinews.kz ресми сауалына берілген жауапта.

Алайда ҰҚК айыптаудың нақты мәнін, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын ашып көрсеткен жоқ.

Іле ауданы әкімдігінің мәліметінше, Қуат Ақшабаев 16 қаңтарда өз еркімен қызметінен кеткен.

«Қуат Ақшабаев бұрын Іле ауданы әкімінің орынбасары қызметінен босатылғанын және қазіргі уақытта аталған лауазымды атқармайтынын хабарлаймыз», – деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы облысында Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты үкім шыққан болатын. Экс-әкімнің және басқа да фигуранттардың ісі Қылмыстық кодекстің бірден жеті бабы бойынша қаралды. Атап айтқанда, мүлікті иемдену және ысырап ету, алаяқтық, экологиялық талаптарды бұзу, қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және теріс пайдалану, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, сондай-ақ қызмет бабында жалған құжат жасау сөз болды.

 

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі