Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шығыс Қазақстан облысы бұрынғы уақыт белдеуіне қайта орала ма: өңір басшысы жауап берді

Шығыс Қазақстан облысы бұрынғы уақыт белдеуіне қайта орала ма: өңір басшысы жауап берді
Фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір бұрынғы уақыт белдеуіне орала деп деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналистер өңір тұрғындары қыс мезгілінде қараңғылықтың ерте түсуіне жиі шағымданатынын айтып, өңірде уақыт белдеуін қайта қарау жоспарланып-жоспарланбайтынын, сондай-ақ бұл мәселеге байланысты қандай шаралар қарастырылып жатқанын сұрады.

Нұрымбет Сақтағанов өңір тұрғындары жаңа уақытпен бір жыл сегіз ай өмір сүріп жатқанын еске салды.

"Бұл мәселе тиісті мамандар мен ғалымдардың талдауы және ұсынымдары ескеріле отырып, мемлекеттік деңгейде қарастырылған. Қазір көптеген ұйымдар мен мекемелердің жұмыс кестесін қайта қарап шықтық. Таңғы 8-ден бастап жұмыс істейді. Әлемнің түрлі қалаларында да әртүрлі кестемен жұмыс істейді, бірақ ондай мәселелер ол жақта туындамайды. Менің ойымша, біз бұл мәселені қайта қарамаймыз", - деді өңір басшысы.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі