KZNEWS.KZ
Қоғам

Ұлытауда "Қазақмыс" машинисі шахтада мерт болды

• Данияр

Ұлытауда "Қазақмыс" машинисі шахтада қаза тапты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


26 желтоқсанда Ұлытау облысында орналасқан "Жыланды" кенішінде жазатайым оқиға орын алды.

Сағат 18:30-да "Восточная Сары-Оба" шахтасының учаскелерінің бірінде өздігінен жүретін жерасты машинаның жылжуы кезінде 31 жастағы машиниске абайсызда соққы жасаған. Ер адам мерт болды.

"Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайды", – деп мәлімдеді компания.

Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →