Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлытау облысында пойыз вагонында қоғамдық тәртіп бұзған азамат сот шешімімен жазаланды

Ұлытау облысында пойыз вагонында қоғамдық тәртіп бұзған азамат сот шешімімен жазаланды

Жаңаарқа аудандық сотында М-ға қатысты ұсақ бұзақылық (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі) жасағаны үшін әкімшілік іс қаралды деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

▪️Іс материалдарына сәйкес, М. Астана-Жезқазған бағытындағы № 108 жолаушылар поезының № 20 вагонында Жаңаарқа станциясында мас күйінде болып, тамбурдың терезесін сындырған және жолаушылардың тыныштығын бұзып, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. ▪️Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады. Куәлар Б мен К-ның айғақтары да құқық бұзушылықтың жасалғанын растады. ▪️ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ұсақ бұзақылық үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі әкімшілік қамақ қарастырылған. Сот М.-ны кінәлі деп танып, оған 51 688 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. https://t.me/ulytaysud
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары