"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлытау облысында далалық аймақтан зымыран қалдықтары табылды (видео)

Ұлытау облысында далалық аймақтан зымыран қалдықтары табылды (видео)

Ұлытау облысында далалық аймақтан табылған зымыран қалдықтары жергілікті тұрғындардың зәресін алды. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болған жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желіде далада табылған зымыраның видеосы тарады. Видео Halyqstan Telegram арнасында жариялады.

“27 қарашада сағат 14:27-де Астана уақыты бойынша “Байқоңыр” ғарыш айлағынан экипаждық кемесі бар “Союз МС-28” тасымалдаушы зымыраны сәтті ұшырылды. Ұшыру жоспарға сәйкес өтті”, – деп мәлімдеді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, зымыранның бірінші сатысы аталған аймаққа, Ұлытау облысындағы елді мекендерден алыс жерге түскен. Ведомство халыққа ешқандай қауіп жоқ деп сендірді.

Сондай-ақ оқиға орнына “Роскосмос” өкілдері мен Қазақстан мен Ресейдің экологтары келді. Олар өлшеу жұмыстарын жүргізіп, сынамалар алып жатыр.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зымыран қалдықтарының экологияға зиян жоқ екені анықталды.

“Союз МС-28” экологиялық тұрғыдан қауіпсіз отынды пайдаланады, яғни керосин және сұйық оттегі. Құлаған қалдықтар радиациялық, химиялық немесе биологиялық қауіп төндірмейді”, — делінген жауапта.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.