“Аяқталмаған мәселе бар”: Жәнібек Әлімханұлы Альваресті жекпе-жекке шақырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлттық банк төрағасының орынбасарына айыппұл салынды

Ұлттық банк төрағасының орынбасарына айыппұл салынды
Фото: Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды kznews.kz. 

Мұндай шешім Жоғары аудиторлық палатаның Ұлттық банктің активтерді пайдалану және зейнетақы жинақтарын басқаруына жүргізген тексеруінен кейін қабылданған.

Тексеру қорытындысында Ұлттық банкке берілген екі міндет белгіленген мерзімде орындалмағаны анықталған. Оның бірі – алтын-валюта активтерін басқаруға қатысы жоқ қызметкерлерге төленген сыйақыны қайтару, екіншісі – Ұлттық инвестициялық корпорацияға қатысты комиссия есептеудің бірыңғай тәртібін әзірлеу.

Сот барысында Әлия Молдабекова өз кінәсін мойындамай, істі тоқтатуды сұрады. Алайда сот оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 15 АЕК, яғни 64 875 теңге көлемінде айыппұл салды.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.