Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлттық банк төрағасы әзірше ипотека рәсімдемеуге кеңес берді

Ұлттық банк төрағасы әзірше ипотека рәсімдемеуге кеңес берді
Фото: krisha.kz

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ипотека рәсімдеуге асықпауға кеңес беріп, себебін түсіндірді, деп хабарлайды kznews.kz.

    — Жалпы, жеке инвестиция немесе қаржы саласы бойынша Қазақстан азаматтарына кеңес беру өте қиын. Өйткені, Ұлттық банктің төрағасы ретінде кеңес берсем, ол мен үшін орынсыз, дұрыс емес сияқты. Жалпы, қаржыгер, экономист ретінде айтар болсам, жоғары нарықтық мөлшерлемелер мерзімінде несие, ипотека алмай тұра тұру, кішкене кейінге шегере тұру қажет. Инфляция төмендеген сайын базалық мөлшерлеме төмендейді. Сонымен бірге банктің мөлшерлемелері төмендеп, ипотека қолжетімді болады. Сонда ғана болашаққа сеніммен қарап, ипотека алуға болады. Кішкене күту керек, инфляция, мөлшерлеме төмендесін, — деді Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте өткен брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Осыдан бұрын Сүлейменов базалық мөлшерлеме максималды түрде қанша болуы мүмкін екенін айтты. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.