Спорт

Ұлттар лигасы топтық кезеңдегі екінші орын үшін Қазақстан

Ұлттар лигасы топтық кезеңдегі екінші орын үшін Қазақстан
Бүгін, 15 қарашада Қазақстан құрамасы УЕФА-ның жаңа турнирі - Ұлттар лигасындағы бесінші матчін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Станимир Стойлов жаттықтыратын команданың қарсыласы Латвия құрамасы. Кездесу "Астана Аренада" жергілікті уақыт бойынша 21:00-де басталады. Ойынды QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Трансляцияға сілтеме >>>

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Грузиядан 0:2 есебіменн ұтылып, кейін Андорра және Латвиямен тең ойнады - 1:1. Андоррамен келесі ойында ірі жеңіске жетті - 4.0. 

Қазіргі таңда елдің басты командасы бес ұпаймен 1 топтың D дивизионында екінші орында. Алайда топта бірінші орынға шығып, Еуро-2020 жарысына жолдама үшін жарысты жалғастыру мүмкіндігі жоқ. Топта Грузия құрамасы мерзімінен бұрын жеңіске жетіп отыр. Үшінші орында Латвия және Андорра төртінші, екеуінде де екі ұпайдан. 

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz