Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бюросының директоры Ханс Клюге Қазақстанда коронавирусқа қарсы атқарылып жатқан шараларға оң бағасын берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өзінің Twitter желісіндегі парақшасында ол елімізде COVID-19 пандемиясына қарсы орындалып жатқан жұмыстар басқа мемлекеттерге үлгі боларлық деп атады.
Атап айтсақ:
Күшейтілген бақылау;
Медициналық қызметкерлерді қосқанда, халықты жаппай тестілеуден өткізу;
Деректердің сандық базасы;
Індетті дер кезінде алдын алу және науқастармен байланыста болғандарды анықтау;
Ауру жұқтырғандарды дұрыс емдеу;
Індетті зерттеу шаралары сарапшының оң бағасын алды.
Соңғы мәліметтерге сәйкес елімізде 5417 адам коронавирус жұқтырған, олардың 2223 індеттен сауығып, 32-cі көз жұмды.
stan.kz