Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Ұлдарым "қыз асырап алайық" дейді": Ләйлә Сұлтанқызы тағы да балалы болуға қарсы емес екенін айтты

"Ұлдарым "қыз асырап алайық" дейді": Ләйлә Сұлтанқызы тағы да балалы болуға қарсы емес екенін айтты

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы тағы да балалы болуға қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


БАҚ өкілі екі ұлының қарындасы болғанын қатты қалайтынын жеткізді.

"Ұлдарым маған үнемі қыз асырап алайықшы деп айтады. Бала асырап алудың төрт жолы бар: асырап алу, қамқоршылыққа алу, патронат және өз отбасына қайтарылады”, – деп жазды журналист.

Еске салайық, медиа маманы марқұм жолдасының биоматериалы сақталғанынайтқан болатын.

“ЭКҰ арқылы бала жасауға болады, Қайраттың биоматериалы да сақталған. Бір әкеден болғаны жақсы. Бірақ мен қаншалықты ана болуға дайынмын? Кіші балам 15-те. Екіншіден, ол баланы өсіруге шамам жете ме? Қазір 47-де болсам, 60 жасымда баламның жасы 10-нан асып тұрады. Алла жеткізеді дейді ғой, бірақ жүрегімде қорқыныш бар", – деген еді тележүргізуші.

Бұған дейін журналистің декреттегі кезі ел талқысына түскен еді.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары