KZNEWS.KZ
Әлем

Украина Геннадий Головкиннің шешіміне қарсы шықты

• Асқар Алтайұлы
Фото әлеуметтік желіден алынды

Украина бокс федерациясы Геннадий Головкин басқаратын World Boxing ұйымының ресейлік спортшыларға халықаралық жарыстарға ұлттық туы мен мемлекеттік әнұранымен қатысуға рұқсат беру туралы шешіміне ресми түрде қарсылық білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Украина тарапы ұйымға ресми протест жолдаған. Айта кетейік, World Boxing ұйымының президенті – қазақстандық Олимпиада жүлдегері Геннадий Головкин.

Бұған дейін World Boxing Ресей мен Беларусь боксшыларына қатысты шектеулерді алып тастап, олардың халықаралық турнирлерге мемлекеттік рәміздерімен қатысуына рұқсат берген еді.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →