“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ӘЧ-2025: Геннадий Головкиннің аты дауға ілікті

ӘЧ-2025: Геннадий Головкиннің аты дауға ілікті

Ливерпульде өткен World Boxing ұйымының алғашқы әлем чемпионатынан кейін төрешілердің бірқатар даулы шешімі халықаралық спорт баспасөзінің назарын аударды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Британдық журналист Тейлор О’Хиггинстің айтуынша, Қазақстан боксшыларының пайдасына шыққан бірнеше шешім әділдікке күмән келтіреді.

Қазақстан бұл біріншілікте тарихи нәтиже көрсетті: жеті алтын, бір күміс және екі қола жүлдені жеңіп алды. Алайда журналист ел құрамасының жетістігін көлеңкелеуге тырысып, мұны Геннадий Головкиннің есімімен байланыстырды. Ол қазір Қазақстан ҰОК президенті ғана емес, World Boxing ұйымындағы Олимпиадалық комиссияны да басқарады.

"Бұл тек сәйкестік болуы мүмкін, бірақ әуесқой бокстың тарихын ескерсек, мұндай жағдай сұрақ тудырады. World Boxing ұйымы әлі жас, ал сенім дағдарысынан шығу үшін көп жұмыс атқарылуы тиіс", — деп жазды О’Хиггинс өз жазбасында.

World Boxing президенті Борис ван дер Ворсттың бастамасымен ұйым алғашқы қадамдарын жасағанымен, төрешілерге деген сенімді қалпына келтіру мен әуесқой боксты кең аудиторияға қолжетімді ету басты міндет болып қала бермек.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.