Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Қазақстан заңнамасын бұзып жүрген Қытайдың 13 азаматын анықтап, ұстады. Ведомство мәліметінше, шетелдіктер халықаралық интернет-алаяқтық схемасын ұйымдастырған, деп хабарлайды kznews.kz
Қытай азаматтарының ұсталуы.
Ведомствоның мәліметінше, алаяқтық схема өзге елдердің азаматтарына қарсы бағытталған және шетелден үйлестіріліп отырған.
Ұсталғандардың кейбірі іздеуде болған
ҰҚК Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіндегі серіктестерімен бірлесіп әрі қарай тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ұсталғандардың кейбірі өз отанында осыған ұқсас қылмыстары үшін іздеуде жүргені анықталды.
16 қазанда Қытай азаматтары әкімшілік тәртіппен Қазақстаннан шығарылып, әрі қарай тергеу амалдарын жүргізу үшін ҚХР-дың құзырлы органдарына тапсырылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҰҚК Ресей және Өзбекстан арнайы қызметтерімен бірлесіп Ауғанстаннан келетін есірткі контрабандасының жолын кесті. Ресейдің Тюмень қаласында халықаралық есірткі тобының мүшелері ұсталды.