KZNEWS.KZ
Қоғам

Үкімет сағатында отыра алмаған Дәулет Мұқаев әрекетіне қатысты пікір білдірді

• Айжан Сыланова

Депутат бұл жағдайға қатысты өз парақшасында түсініктеме берді. Оның айтуынша, отырыс кезінде бел ауруының асқынуына байланысты өзін жайсыз сезінген.

«Үкімет отырысында әрең отырдым. Белімде біраздан бері протрузия (L-5, L-6) бар еді. Қазір грыжаға айналып кеткен сияқты — отырсам да, жатсам да белім қатты ауырады. Үкімет сағатынан кейін ауруханаға барып, укол салдырдым. МРТ-ға кезек болмағандықтан, тек келесі аптаға жазылдым. Үйге уколдың әсерімен әрең жеттім, көлік жүргізушіме рақмет», — деді Мұқаев.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →