KZNews.kz
Саясат

Үкімет отырысында депутат пен Министр сөзге келіп қалды

Айжан Сыланова

Депутаттың айтуынша, кейбір мемлекеттік орган өкілдері Мәжіліске дайындықсыз келген. Ол ІІМ-де жемқорлық тәуекелі жоғары екенін айтып, министрдің кей деректерді ескі оқиғаларға сілтеуін жауапкершіліктен қашу деп бағалады.

«Жауапкершілік ортақ, бұрын да, қазір де», – деді Әшімжан.

Сәденов бұл сынға тікелей жауап беріп, өз саласына толық жауапты екенін жеткізді.

«Біз бөтен жерден келген жоқпыз. Әр қызметкер тағайындалған күннен бастап жауап береді. Қашу, сілтеу деген бізде жоқ», – деді министр.

Ол биыл полиция қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға өскенін де атап өтті.

«Барлық шешімге жауап беруге дайынбыз. Себебі біз – офицерміз», – деді Ержан Сәденов.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →