KZNEWS.KZ
Әлеумет

Үкімет әлеуметтік көмекті реформаламақ: 36 төлемнің 14 түрі қайта қаралады

Фото: ашық дереккөздерден

Қазір елде әлеуметтік төлемдер мен көмектің 36 түрі бар. Оның он төрті бойынша атаулы модель енгізу ұсынылып отыр. Яғни, мемлекеттік қолдау алушының нақты әлеуметтік жағдайына қарай берілуі тиіс.

Сонымен қатар жергілікті деңгейде көрсетілетін 13 түрлі көмекті төрт бағытқа біріктіру көзделген. Бұл әлеуметтік қолдау жүйесін оңайлатуға бағытталған.

Сондай-ақ, Үкімет кішкентай баласы бар ата-аналарға арналған жаңа қолдау шараларын да қарастырып жатыр.

Жалпы, өзгерістің негізгі мақсаты әлеуметтік көмекті жаппай бөлуден гөрі, шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағыттау болмақ. Алайда, атаулы модель енгізілген кезде көмек алушыларды анықтау тетігі мен критерийлері шешуші мәнге ие болады деген үміт бар.

Қалмаханбет Мұқаметқали
Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
Автордың басқа материалдары →