Ресейдегі МемДума сайлауы: "Біртұтас Ресей" алда келеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Үкімет әлеуметтік көмекті реформаламақ: 36 төлемнің 14 түрі қайта қаралады

Үкімет әлеуметтік көмекті реформаламақ: 36 төлемнің 14 түрі қайта қаралады
Фото: ашық дереккөздерден

Елімізде мемлекеттік әлеуметтік көмекті нақты мұқтаж азаматтарға бағыттаудың жолдары нақтыланбақ. Яғни, Үкімет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында әлеуметтік қолдау жүйесін қайта қарайтын болды.

Қазір елде әлеуметтік төлемдер мен көмектің 36 түрі бар. Оның он төрті бойынша атаулы модель енгізу ұсынылып отыр. Яғни, мемлекеттік қолдау алушының нақты әлеуметтік жағдайына қарай берілуі тиіс.

Сонымен қатар жергілікті деңгейде көрсетілетін 13 түрлі көмекті төрт бағытқа біріктіру көзделген. Бұл әлеуметтік қолдау жүйесін оңайлатуға бағытталған.

Сондай-ақ, Үкімет кішкентай баласы бар ата-аналарға арналған жаңа қолдау шараларын да қарастырып жатыр.

Жалпы, өзгерістің негізгі мақсаты әлеуметтік көмекті жаппай бөлуден гөрі, шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағыттау болмақ. Алайда, атаулы модель енгізілген кезде көмек алушыларды анықтау тетігі мен критерийлері шешуші мәнге ие болады деген үміт бар.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.