Әлеуметтік желіде сүйгеніне сөз салған жігіт қолданушыларды күлкіге қарық қылды. Бір қызығы жігіттің қобалжығаны соншалық, “Маған тұрмысқа шығасың ба?” деген ең басты сөздерді айтуды ұмытып кеткен.
Видео Бекарыс Қошқарбайдың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
Көпшілік тізерлеп сөз салмақ болған азаматын тұрғызып жіберген қыздың да әрекетіне тәнті болуда."Жігіт қобалжығаннан бәрін ұмытып қалды-ау. Жастар бақытты болсын", - деп жазды ол.