Каспийдегі love story: Маңғыстаулық жас жұбайлар референдумға катермен келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Референдумнан тұрмысқа”: Дауыс беріп шыққан бойжеткенге жігіті үйленуге ұсыныс жасады

“Референдумнан тұрмысқа”: Дауыс беріп шыққан бойжеткенге жігіті үйленуге ұсыныс жасады
Фото: видеодан скриншот

Астанада өткен референдум күні ерекше әрі әсерлі сәттердің бірі қаладағы сайлау учаскелерінің бірінде болды. Дауыс беруге келген жас жігіт көпшіліктің көзінше сүйіктісіне сезімін білдіріп, оған үйлену туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Жігіт бұл сәтке алдын ала дайындалған. Ол сүйіктісін референдум учаскесінің алдында күтіп алып, халықтың алдында тізерлеп тұрып, қолына сақина ұсынып, өмірін бірге өткізуге шақырған.

Күтпеген ұсынысқа толқыған бойжеткен жігіттің ұсынысын қабыл алған. Бұл көрініске куә болған қала тұрғындары жас жұпты қолдап, қуаныштарын бөлісіп, оларға ақжарма тілектерін жаудырған. Көпшілік ерекше сәтті ұялы телефонға түсіріп, естелікке суретке де түскен.

Жас жұптың айтуынша, олар дәл осы күні екі маңызды шешім қабылдаған: бірі – ел болашағына қатысты таңдау жасау болса, екіншісі – өздерінің ортақ болашағын бірге құру. Осылайша, референдум күні олар үшін тек қоғамдық маңызы бар күн ғана емес, өмірлеріндегі ең есте қаларлық сәттердің біріне айналды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.