Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

үйлену тойында қонақтың маңдайына оқ атты

үйлену тойында қонақтың маңдайына оқ атты
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

303 0 0

Шымкентте үйлену тойында қонақтардың арасында жанжал шығып, біреуі оқ және пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді

ШЫМКЕНТ, 16 қараша – Sputnik.  Шымкенттегі салтанат сарайының бірінде өткен үйлену тойында жанжал шығып, қонақтардың біріне оқ атып, пышақпен жарақаттаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қарашаның 14-нен 15-не қараған түні той үстінде бірнеше ер азаматтың арасында жанжал туындаған. Содан біреуі травматикалық қарудан екіншісінің маңдайы мен ішіне оқ атса, үшіншісі оның кеудесіне артқы жағынан пышақ сұғып жарақаттаған.

"Жанжал шығарғандар "Мазда" көлігімен қашып, бой тасаламақ болған кезінде полиция қызметкерінің көлігіне соқтығысқан", — деді полиция департаментіндегілер. 

Жарақат алған адам қалалық ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

Жанжалға қатысқандар мен қылмысқа қатысы бар күдіктілер анықталып, ұсталған. Бірнеше сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Автор
Жандос