KZNews.kz
Жаңалықтар

"Ұйықтатпағанының арқасында екі жылда 2 бала": Ерке Есмаханның әзілдеймін деп елдің сынына қалды

Дархан Тоқан
Фото: Ашық дереккөзі

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін көпшіліктің талқысына түсіп, сынның астында қалды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Өнер иесі жолдасы және екі ұлымен түскен суретін жариялап, әзіл араласқан жазба қалдырды.

“Мені ұйықтатпағанының арқасында екі жылда екі бала құшағында”, – деп жазған.

Бұл жазба желі қолданушыларына ұнамай, кейбірі суретті скриншоттап, Threads желісінде арнайы жазба ретінде бөлісе бастаған.

Желіде тараған пікірлердің бірқатары әншінің қалжыңын орынсыз деп бағалаған. “Осы апама ешкім көңіл бөлмейтін сияқты”, “Кейде шынымен қуып кетеді”, “Еркенің осындай қылықтарына Раймының өзі де күлетін шығар”, “Ерке, мағынасыз сөздері арқылы тек күйеуін ұятқа қалдырып отыр”, – деп жазды олар.

Бұдан бөлек, пікір білдірушілердің енді бірі әншінің жасына қатысты сын айтып, жазбаны әдепке сыймайды деп есептеген.

“40 жаста болса да, ұяттан жұрдай екен. Жасөспірімнің анасы, имамның қарындасы, бір үйдің келіні. Бірақ бар әңгімесі төсек”, “15 жастағы қыздан бетер болды ма, не болды бұл?”, “Сұмдық, осындай әңгімеге дейін түсіп кетті ме?”, “40 жаста болса, ақыл тоқтатты деген сөз емес”, – деп жазды олар.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →