Халықтың 5 пайызы кедей: өңірлердің әлеуметтік әлеуеті әлсіреді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ұйқысы қанбаған ұшқыш рейс кезінде есінен танып қалды

Ұйқысы қанбаған ұшқыш рейс кезінде есінен танып қалды
Credit : Nicolas Economou/NurPhoto via Getty

Ұшақтың екінші ұшқышы ұшу кезінде есінен танып қалды. Оған себеп ретінде ұйқының қанбауы аталды: бұған түнгі шу мен ұшар алдында қолданылған масаға қарсы құрал әсер еткен, деп хабарлайды kznews.kz People басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 2021 жылғы 4 тамызда Нидерландыдан Румынияға ұшқан Tarom Airlines рейсінде болған. Ұшақ Амстердамнан Бухарестке бағыт алған.

57 жастағы екінші ұшқыш рейске дейін жеткілікті ұйықтамағаны анықталды. Ұшақ көтерілгеннен кейін шамамен 50 минут өткенде ол өзін жайсыз сезінген, бірақ рейс жалғасқан.

Жерде, Амстердам әуежайында ол өзін жақсы сезінетінін айтқанымен, қонуға жақындағанда жағдайы күрт нашарлаған. Командир ұшқыш төтенше жағдай жариялап, қонғаннан кейін медициналық көмек шақырған.

Ұшақ қонған соң екінші ұшқыш есінен танып қалған. Кейін оның ұйқысыздық пен қолайсыз жағдай әсерінен әлсірегені анықталды.

Оқиғадан кейін авиакомпания бұл екі ұшқышты бірге рейске жібермеу туралы шешім қабылдаған. Екінші ұшқыш бұдан былай тек тәжірибелі командирмен немесе нұсқаушымен бірге ұшады.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер