KZNews.kz
Аймақ

Үйінің ауласынан 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Дархан Тоқан
Фото: Ашық дереккөзі

Маңғыстау облысы Шетпе ауылындағы жеке үй аумағынан 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оқиға бойынша полиция тергеу бастады, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, марқұм үй аумағындағы шаруашылық құрылыстың ішінен анықталған. Шақырту 20 қаңтар күні түскен, қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

"Шақырту бүгін, 20 қаңтар күні түсті. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиға орнына жұмыс істеп жатыр. Болжам бойынша оқиға – өз-өзіне қол жұмсау, тергеу жүргізіліп жатыр", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Lada.kz дерегінше, қайтыс болған азамат жұмыссыз болған. Құқық қорғау органдары оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар мен тексеру шараларын жалғастырып отыр.

Дархан Тоқан
Автордың басқа материалдары