KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Ұятсызға теңегендер бар": Күйеуімен ажырасқан Индира Расылхан жазба жариялады

Ayzhan Sylanova
Фото: видеодан скриншот

Әнші Индира Расылхан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасап, журналист Аман Тасығанға берген сұхбаты төңірегінде ойын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

«Бұл өмірде қосыла алмайтын адамыңа хат жаз десе, соңғы сөйлемде не жазар едің? 3-4 күннен бері директке хабарламалар жауып жатыр. Бірі қолдау көрсетіп, бірі сүйіспеншілігін білдіріп жатыр. Ал кейбіреулер ұятсыздықпен теңеген де бар. Ешкімнің алдында ақталуға міндетті емеспін. Менің де қателігім болды, оны мойындау арқылы өзіме жеңілдік таптым. Жандүнием тынышталды», – деп жазды әнші.

Индира Расылхан сонымен қатар өз тәжірибесіне сүйене отырып, отбасын сақтау мен жандүниенің тыныштығы туралы ой бөлісті. Ол әсіресе әйелдерге ажырасусыз бақытты болуға болатынын айтып, оған күш пен еңбекті қажет ететінін жеткізді.

«Қыздар! Ажыраспай жанында жүріп-ақ бақытты болуға болады. Оған біраз еңбектену керек. Оны кейінірек айтармын… Әзірге хаттың соңын қандай сөзбен аяқтар едіңіз, соны жазыңыз», – деді әнші.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары