ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Убери руки" Алматы әуежайында болған келеңсіз жайттың видеосы жарияланды

"Убери руки" Алматы әуежайында болған келеңсіз жайттың видеосы жарияланды

Мас жолаушы Алматы әуежайында полицейлермен және авиация қауіпсіздік қызметімен төбелесті

Астанаға Scat әуе компаниясының рейсімен ұшпақ болған ер адам Алматы әуежайында жанжал шығарып, полицияға шабуылдады. Оны тыныштандыруға бірнеше адам қажет болды.

Жолаушы ұшаққа отырғызу кезінде не үшін бүлік шығарғанын кезекші жасақ анықтап жатыр.

Сараптама ұсталған адамның қанында 0.9 промилле алкоголь бар екенін көрсетті, деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Желіде жарияланған видеодан ер адамның полицейлерге қарсылық көрсетіп, металл іздегіштің жиектемесін сындырғанын байқауға болады.  

Сонымен қатар, полиция мен әуежайдың қауіпсіздік қызметі жанжалқой қоршаған ортаға қауіп төндірмеуі үшін барлық қауіпсіздік шаралары қабылданғанын мәлімдеді.

Оқиға қатысты барлық материал Алматы әуежайының желілік полиция бөліміне тапсырылды. Ұсталған адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.     

Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
Жандос