Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Уайымдаймыз": Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова желіге видео жүктеп, жанкүйерлерін қуантты (видео)

"Уайымдаймыз": Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова желіге видео жүктеп, жанкүйерлерін қуантты (видео)

Отандық әнші Қайрат Нұртас Instagram желісінде жұбайымен романтикалық видео жариялады. Хитменнің тыңдармандары Қайрат пен Жұлдызды бірге көргеніне қуанышты екенін білдіріп, видеоны қызу талқыға салды, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Видеодан Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың түнде қаланы аралап, әуежайға келіп, күту залында отырғанын көруге болады. Осыдан соң әнші әйелін рейске дейін шығарып салды. Ал видеоның фонында Қайраттың өзі орындаған романтикалық ән естіледі.

"Шын ғашық жандар үшін", - деп жазды Қайрат Нұртас. Ал желі қолданушылары хитмен мен жұбайын бірге көргеніне қуанышты екенін жеткізді. Олар жұлдызды жұпқа ақ тілегін жаудырған. "Мәңгі бірге болыңыздар", "Қайрат Жұлдызға қалай ерекше қарайды", "Бірге жүрген сурет пен видео жүктеп тұрмасаңыздар, уайымдаймыз", "Керемет", "Жұптарыңыз жазылмасын", "Бақытты болыңыздар", - деп жазды желідегілер.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары