Атыраудан Индонезияға дейін: Резонансты іске күдіктілердің табылған жері
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ТЖД: Балаларға пиротехниканы сатуға тыйым салынды

ТЖД: Балаларға пиротехниканы сатуға тыйым салынды
22 Желтоқсан 2018, 15:26 473 0

Фото: astana.gov.kz

Астана, BAQ.KZ. ТЖД Астана тұрғындарын көшелер мен базарларда пиротехника өнімдерін сатып алмауға шақырады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Мереке күндері отандық және шетелдік (Ресей, Қытай, Корея) фирмалар өндіретін пиротехникалық заттарды сатып алу еш қиындық тудырмайды. ТЖД қызметкерлері пиротехникалық өнімдерді белгіленбеген жерден сатып алу және оларды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай пайдалану көптеген өрт оқиғаларының орын алуына, адамдардың жарақат алуына, тіпті адам өліміне себеп болуы мүмкін екендігін айтады.

«Өрт қауіпсіздігі ережелеріне» сәйкес, пиротехникалық өнімдерді базарларда, сауда алаңдарында, көшелерде және осы мақсаттарда жарамсыз дүкендерде сатуға тыйым салынады. Пиротехниканы 18 жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ сертификаты мен егжей-тегжейлі нұсқаулығы жоқ өнімдерді сатуға және пайдалануға тыйым салынады», - деді Астана қаласы ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын алу басқармасының басшысы Орал Әбдрахманов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Жандос