Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Тыныштықта демалыңыз»: танымал әзілкеш, тележұлдыз 74 жасында өмірден өтті

«Тыныштықта демалыңыз»: танымал әзілкеш, тележұлдыз 74 жасында өмірден өтті
Фото: Ашық дереккөзі

Нью-Джерсидегі көрерменге танымал тележүргізуші әрі комик Флойд Вивино 74 жасында дүниеден озды. Қаралы хабарды марқұмның бауыры, музыкант Джерри Вивино Facebook-та жариялап, ағасының 22 қаңтар күні «бейбіт күйде» көз жұмғанын және оның соңғы екі жарым жыл бойы денсаулығына байланысты қиындықтармен күрескенін жазды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Флойд Вивино көпшілікке ең әуелі The Uncle Floyd Show бағдарламасы арқылы кеңінен танылды. Культке айналған жоба 1974 жылы эфирге шығып, 1998 жылға дейін көрермен назарынан түскен жоқ. Сырттай балаларға арналған әзіл-сықақ тәрізді көрінгенімен, шоу балалар телебағдарламаларының мәнерін әжуалайтын сатира ретінде де бағаланды. Эфирде қуыршақ кейіпкерлер, музыкалық номерлер, сондай-ақ Вивиноның өз орындауындағы әндер тұрақты түрде ұсынылатын.

Бағдарламаның танымалдығын күшейткен себептің бірі – студияға жиі келетін «жұлдызды» қонақтар. Әр жылдары шоуға Джон Бон Джови, Синди Лопер, Tiny Tim және Blue Öyster Cult сияқты өнер иелері қатысқан.

Вивиноның жобасын көріп, іштей қолдаған жанкүйерлер қатарында да аты аңызға айналған тұлғалар болғаны айтылады. Оның шоуын Джон Леннон, The Ramones және Дэвид Боуи ерекше жақсы көргені жөнінде деректер келтіріледі. Тіпті Боуи 2002 жылы шыққан “Slip Away” әнінде Оуги мен Bones Boy атты қуыршақ кейіпкерлерін атап өтеді. Ал Вивино 2016 жылғы сұхбаттарының бірінде Боуидің бұл шоуды алғаш 1980 жылдың желтоқсанында көргенін, оған дейін Леннонның өзі “мына бағдарламаны көр” деп кеңес бергенін айтқан.

Теледидардан бөлек, Флойд Вивино кино және сериалдарға да түсті: Good Morning, Vietnam фильмінде көрініп, Law & Order секілді жобаларға қатысқан. АҚШ басылымдарының дерегінше, ол жылына 300-ге дейін комедиялық концерт беріп жүрген.

Марқұммен қоштасу рәсімі отбасылық форматта өтетіні хабарланды. Ал еске алу кешінің уақыты кейінірек жарияланбақ.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер