Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Соңғы шылымын тұтатты да өмірден өтті": Елге танымал жобаның тележүргізушісі қайтыс болды (ФОТО, ВИДЕО)

"Соңғы шылымын тұтатты да өмірден өтті": Елге танымал жобаның тележүргізушісі қайтыс болды (ФОТО, ВИДЕО)

Белгілі режиссер, тележүргізуші, актер әрі продюсер Александр Олейниковтың өмірден өткені белгілі болды. Марқұмның соңғы сәттері туралы қызы Дарья мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Режиссердің қазасын фотограф Геннадий Авраменко хабарлап, Telegram-арнасында:

"Александр Олейников дүниеден өтті. Жасы небәрі 60-та еді. Жатқан жері жарық болсын", – деп жазды.

Ал марқұмның қызы Дарья Олейникова 24 қаңтар күні жеке блогында әкесінің кенеттен көз жұмғанын айтып, жүрекжарды жазба жариялады.

"Бүгін әкемнен айырылдым. Қыстың ең суық түнінде. Бұл үнсіздік пен ішке түскен ауыр қайғыны қалай қабылдайтынымды әлі білмеймін. Әкем өте жарқын, ақылды, нәзік әрі ерекше әзілі бар жан еді. Оның өмірі ерекше кездесулерге, оқиғалар мен адамдарға толы болды. Ол әр күнін бір тарихқа айналдыра білетін. Жарқын, шынайы, әдемі ғұмыр кешті. Сол секілді өзіне тән түрде – кенеттен, күтпеген жерден кетті. Сыртқа шығып, темекі тартты да, сол сәтте қайтыс болды", – деп жазды Дарья.

Айта кетейік, Дарья әкесінің жолын жалғап, бүгінде режиссердің көмекшісі ретінде еңбек етіп жүр.

Александр Олейниковтың шығармашылық жолы

Александр Олейников 1965 жылы 21 қазанда Мәскеу қаласында дүниеге келген. Ол ВГИК пен Мәдениет институтында білім алған. 1985 жылдан бастап теледидар саласында еңбек етіп, режиссер ретінде танылып, белгілі музыкант Дитер Боленнің музыкалық бейнебаяндарын түсірген.

1994-1996 жылдары драматург Виктор Мережкомен бірге "Моё кино" бағдарламасын жүргізді. Сондай-ақ "Мои новости" және "Моя звезда" жобаларының жүргізушісі болды.

Көпшілік оны 2013 жылы Бірінші арнада көрсетілген "Вечерний Ургант" бағдарламасының үшінші маусымындағы жүргізушілердің бірі ретінде жақсы таниды.

Сонымен қатар, Александр Олейников ТВ-6, НТВ және ТВЦ телеарналарында бас продюсер қызметін атқарды. Кино саласында актер ретінде "Охота на пиранью" фильмінде көрінді. Ал "Граф Крестовский", "Любовь-морковь", "Моя любимая свекровь", "Тихая гавань" секілді бірқатар жобаларға продюсерлік етті. Бұл – оның бай шығармашылық мұрасының бір бөлігі ғана.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер