Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түрмеде отырған "Дикий Арманның" ажырасқаны туралы ақпарат тарады

Түрмеде отырған "Дикий Арманның" ажырасқаны туралы ақпарат тарады
Orda.kz

Қаңтар оқиғаларынан кейін 20 жылға сотталған Арман Жұмагелдиев, көпшілікке "Дикий Арман" лақап атымен танымал тұлғаның жеке өміріне қатысты жаңа ақпарат пайда болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Kaktus.media мәліметінше, қырғызстандық дизайнер Айколь Аликжанова әлеуметтік желідегі парақшасында Жұмагелдиевпен ажырасқанын хабарлаған. Оның айтуынша, олардың ортақ бір қызы бар және жақында ресми түрде бөлек кеткен. Аликжанова бұл шешімге бастамашы Жұмагелдиев болғанын атап өткен. Сонымен қатар, ол араларында ешқандай жанжал немесе келіспеушілік жоқ екенін жеткізді.

Айта кетейік, Айколь Аликжанова – "Мисс Қырғызстан – 2014" және "Мисс Интернет KG – 2012" байқауларының жеңімпазы. Қазіргі уақытта ол сән индустриясында дизайнер ретінде танымал.

Еске салсақ, Қаңтар оқиғасы бойынша жүргізілген тергеу аясында Жұмагелдиевпен қатар бірқатар тұлғалар жауапқа тартылған. Олардың қатарында бұрынғы депутат Қайрат Құдайберген және ҰҚК полковнигі Руслан Ысқақов бар.

Сот үкіміне сәйкес, Арман Жұмагелдиев 20 жылға, Қайрат Құдайберген 8 жылға, ал Руслан Ысқақов 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Тергеу деректеріне сүйенсек, айыпталушылар бір топ адамды күш қолданып ұстап, заңсыз әрекеттер жасаған.

Бас прокуратураның мәліметінше, Жұмагелдиев 24 адамды ұрлап, оларды Алматыдағы Ritz Carlton және «Қазақстан» қонақүйлерінің автотұрақтарында заңсыз ұстаған. Сонымен қатар, 6 қаңтар күні ол "Қазақстан" қонақүйіне келген жақтастарына қару таратқаны айтылды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер