Өзін Арман Жұмагелдиевның алғашқы жары ретінде таныстырған Зәуреш Жұман оның жеке өміріне қатысты тың мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.
Зәурештің айтуынша, "Дикий Арман" деген лақап атпен танылған Арман Жұмагелдиевпен алғашқы некені дәл өзі қиған. Ол өзінен кейін Арманның Айша және Айкөл есімді әйелдермен отбасын құрғанын атап өтті.
Келіншектің сөзінше, студент кезінің екінші курсында Арман оны алып қашып, қазақы дәстүрге сай үйленген.
"Тойымыз барлық салтпен өтті: беташар жасалды, неке қиылды. Сол кезде кейбір адамдар мені дәулетті кәсіпкердің қызы болғандықтан есеппен алған деген әңгіме айтқан", – дейді ол.
Алайда Зәуреш бұл пікірлермен келіспейтінін айтып, олардың некесі шынайы сезімге негізделгенін жеткізді.
Оның сөзінше, екеуі шамамен екі жыл бірге тұрған. Кейін түрлі жағдайларға байланысты Арман елден кетуге мәжбүр болып, олардың жолы екіге айырылған. Уақыт өте келе Зәуреш екінші рет тұрмыс құрып, ана атанған.
Бір күні олар күтпеген жерден қайта кездескен. Сол сәтте бұрынғы сезімдер қайта оянып, Арман бірге кетуді ұсынған.
"Тіпті мені баламмен бірге алып кетуге дайын екенін айтты. Біздің қарым-қатынас ешқандай есепке емес, шынайы махаббатқа құрылған", – деп бөлісті Зәуреш Жұман.