"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістандағы тауда жоғалған жетінші туристің мәйіті табылды

Түркістандағы тауда жоғалған жетінші туристің мәйіті табылды

Түркістан облысының тауларынан тағы бір дене табылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

“22 маусым сағат 11.50 кезінде Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыда су түбінен тапқан”, – деді Талғат Уәли.

Алдын ала ақпарат бойынша, марқұм 1994 жылы туған. Дене сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне беріледі.

Оқиға орнына “Қазавиақұтқару” АҚ тікұшағы жіберілді.

Айта кетейік, іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оған 107 адам, 17 техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен 1 тікұшақ жұмылдырылды.

Еске салайық, 21 мамыр күні Түркістан облысының "Сары-Айғыр" шатқалына жаяу бет алған 7 турист жоғалып кетті. 24 мамырда олар кері қайтуы керек болатын. 25 мамырда туристердің жоғалғаны туралы "112" пультіне хабар берілген.

28 мамырда 7 адамның 3-еуі табылып, құтқарылды. Ал 29 мамыр күні екі туристің денесі табылды. Ал алтыншы туристің мәйіті 12 маусымда Сайрам-Өгем шатқалынан табылды.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары