KZNews.kz
Аймақ

Түркістандағы сұмдық: 71 жастағы ер адам 15 жасар қызды жүкті қылған

Азамат Қойшығара
Видеодан алынған скрин

 Түркістан тағы да ел назарында. Бұл жолы 71 жастағы ер адам 15 жастағы қызға азғындық жасады деген күдіккке ілінді.

Түркістан облысында тағы да жаға ұстатарлық жағдай. 15 жастағы қызға азғындық жасады деген күдікпен 71 жастағы ер адам қамауға алынды.

Сұмдығы сол қаршадай қызға қорлық көрсетті деген өзге емес, өз ағайын атасы. Жәбір көрген жеткіншектің жүкті екенін ата-анасы жеті айында бір-ақ білген. Ал оны естіген ауыл үлкендері бірауыздан бас көтеріп, күдіктінің отбасы көшсін деп талап етіп отыр. Желіде тараған видеодан қызыкеңірдек болып дауласқан әйелдерді көруге болады.

Айтуға ауыз бармайтын жағдай Келес ауданында болған. Туысынан қорлық көрді деген бойжеткен биыл ақпан айында босаныпты. Басынан өткенімен ата-анасына бөлісе алмаған. Жақындары жағдайды жүктілігінің жеті айында бір-ақ білдік дейді. Азғын көрші үйде тұратын жетпіс жастан асқан ағайыны. Немере бағып отырған ол өз кінәсін толық мойындап, қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

 

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары