KZNews.kz
Қоғам

Түркістанда зорланған 16 жасар қыз қайтыс болды

Ayzhan Sylanova
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының Төрткүл ауылында 16 жастағы қыздың қаза болуына байланысты қозғалған қылмыстық іс жабық түрде қаралатын болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Іс «Адам өлтіру», «Зорлау» және «Зорлықпен жасалған сексуалдық сипаттағы әрекеттер» баптары бойынша тергеліп жатыр.

Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Заманбек Исмаилдың Otyrar.kz порталына хабарлауынша, сот ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 29-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жәбірленуші мен оның отбасының құқықтарын қорғау мақсатында процесті жабық түрде өткізу туралы шешім қабылдаған.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2025 жылдың 5-інен 6-маусымға қараған түні болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, қыз кешкі уақытта үй жанындағы дүкеннен шыққан соң із-түзсіз жоғалып кеткен. Туыстары мен ауыл тұрғындары оны полициямен бірге түні бойы іздеген.

Өкінішке қарай, таңертең оның денесі жол жиегіндегі балабақша қоршауының жанынан табылған.

Қазір қылмыстық іс бойынша сот процесі басталып, кінәлілерді анықтау және әділ шешім шығару мақсатында тергеу материалдары толық зерттеліп жатыр.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары