Талғар ауданының тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістанда төрт баласымен жоғалған ана табылды

Түркістанда төрт баласымен жоғалған ана табылды
Фото: Түркістан облыстық ПД

Түркістан облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен анасы мен төрт баласы аман-есен табылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Отырар ауданының тұрғыны жұбайы мен төрт баласының үйден шығып кетіп, қайта оралмағанын айтып, полицияға жүгінген. Хабарлама түскеннен кейін өңірдің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, ауқымды іздестіру жұмыстарын бастаған.

Іздеу барысында 6, 5 және 3 жастағы балалар мен 10 айлық сәбидің анасымен бірге жоғалғаны анықталған. Полицейлер ауданға кіретін және шығатын жолдарға бақылау бекеттерін қойып, көліктерді тексерген. Сонымен қатар көршілес өңірлерге бағдарламалар жіберіліп, іздеу шаралары күшейтілген.

Жедел іздестіру нәтижесінде әйел мен оның төрт баласы таксимен келе жатқан жерінен табылып, полиция бөліміне жеткізілді.

Тексеру кезінде әйелдің жолдасымен болған тұрмыстық жанжалдан кейін ренжіп, балаларын және жеке құжаттарын алып, Шымкент қаласына кеткені белгілі болды. Ол жақта ешкімге хабар бермей, жалдамалы пәтерде тұрған.

Полиция мәліметінше, отбасы мүшелерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, туыстарының қатысуымен мәселе өзара келісіммен шешілген. Анасы мен төрт баласы үйлеріне аман-есен оралды.

Түркістан облысының полициясы іздеу жұмыстарына қолдау көрсеткен барлық азаматқа алғыс білдірді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.