Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан полициясы Меккеге жаяу бара жатқан азаматқа азық-түлік алып берді

Түркістан полициясы Меккеге жаяу бара жатқан азаматқа азық-түлік алып берді
Фото: azattyq-ruhy.kz

Тәртіп сақшылары оның кім екенін және қай бағытқа бара жатқанын анықтаған кезде, ер адамның көрші елдің азаматы екені белгілі болды. Әңгіме барысында ол қасиетті Меккеге жаяу аттанғанын айтқан.

«Белгілі болғандай, шетел азаматы діни ниетпен қажылық сапарына жаяу шығуды мақсат еткен. Полиция қызметкерлері оған жол-көлік қауіпсіздігі мен ауа райының қолайсыздығын ескеріп, мұндай сапардың қауіпті екенін түсіндірді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары оған азық-түлік пен су алып беріп, жолда аман-есен жүруі үшін жақын маңдағы елді мекенге дейін көлікпен жеткізіп салды», – делінген полицияның хабарламасында.

Құқық қорғау органдары азаматтың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі басты назарда екенін атап өтті. Олар осындай жағдайларда шетел азаматтарына барынша көмек көрсетілетінін, алайда заң талаптары мен қауіпсіздік ережелері де сақталуы тиіс екенін еске салды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.