KZNews.kz
Шоу-бизнес

Түркістан облысындағы нөсер жауын бірнеше күннен бері тоқтамай тұр - Қазақстан жаңалықтары

KZNEWS

15 мамырда Түркістан облысында жаңбыр жауады, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Өңірде 14 мамыр күні сағат 21:00-ден 15 мамыр сағат 21:00-ге дейін дауылды ескерту жарияланды. Дауылдың ықтималдығы 90-95 пайызды құрайды.

"15 мамырда Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, құйын, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде секундына 15-20 метр екпіні болады. Шымкентте 15 мамыр күні түн ортасында күн күркіреп, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді", - деді "Қазгидромет"РМК.

Еске сала кетейік,  13 мамыр, сәрсенбі күні кешке Түркістан облысында нөсер жаңбыр мен су деңгейінің көтерілуіне байланысты ондаған жеке үйлер су астында қалды.


stan.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары