Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында жалған өрт сөндірушілер дүкендерді тонап келген

Түркістан облысында жалған өрт сөндірушілер дүкендерді тонап келген

Өздерін өрт сөндірушіміз деп таныстырған олар үш кәсіпкерді алдап, ақша алған.

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық оқиға Отырар ауданында орын алған.

«Отырар аудандық ПБ-не жергілікті кәсіпкерлер арызданды. Олардың айтуынша, белгісіз екі тұлға өздерін Облыстық өрт қауіпсіздігі басқармасының қызметкеріміз деп таныстырған. Сөйтіп арнайы құрылғылардың көмегімен тексеру жүргізіп жатырмыз деп, алаяқтық жолмен ақшаларын алып кеткен. Жедел іздестіру шараларының барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері дүкендердің бірінен екі күдіктіні ұстады. Олар - Шымкент қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындары болып шықты. Ұсталғандардың бірі шартты жазасын өтеп жатқан екен», -  делінген хабарламада.

Тергеу барысында сезіктілердің ауа тартқыш құбырларды тазалайтын фирмада жұмыс істейтіні анықталды. Қазіргі таңда олардың 3 алаяқтық дерегіне қатысы бары дәлелденіп, Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейін тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктілерден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынып, босатқанын хабарлады. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Автор
Бауыржан