KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Түркістан облысында көлік жылқыны соғып, үш адам ажал құшты (видео)

• Еркебұлан
Полицейлердің айтуынша, көлік жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Шымкент қалалық ауруханасына жеткізілген
Түркістан облысында жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қайтыс болғандар – бір отбасының мүшесі. Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға 3 сәуір кешкі сағат 20:30 шамасында Самара – Шымкент тас жолы бойында болған. Шымкент тұрғыны "Tayota Camry 50" маркалы көлігімен Түркістаннан Шымкентке қарай келе жатқанда жолдың сол жақ бетінен шыққан жылқыны қағып кеткен.
"Жол апаты салдарынан ерлі-зайыптылар мен бір жасөспірім, яғни олардың немересі қайтыс болды. Ал көліктің жүргізушісі түрлі жарақатпен Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Ол қаза болған ерлі-зайыптының күйеу баласы", – деп хабарлады полиция.
Аталған жайтты Ордабасы аудандық полиция бөлімі қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркеуге алды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →