KZNews.kz
Қоғам

Түркістан облысында келін енесін тонап кеткен

Айжан Сыланова
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полицейлер 8,5 миллион теңге көлеміндегі пәтер ұрлығын ашты, деп хабарлайды kznews.kz.

Полицияға облыс тұрғыны үйінен алтын әшекейлер мен ақшаның жоғалғаны туралы арызбен жүгінген. Оқиға бойынша жедел-тергеу тобы құрылып, тексеру барысында күдікті ретінде жәбірленушінің келіні ұсталған.

Тергеу мәліметінше, келін мамыр айынан бері енесінің үйінен алтын бұйымдар мен қолма-қол ақшаны ұрлап отырған. Келтірілген жалпы материалдық шығын 8,5 миллион теңгені құрайды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →