Қоғам

“Асаба” - Түркістан облысында әкесін соққыға жыққан азаматтың кім екені анықталды

“Асаба” - Түркістан облысында әкесін соққыға жыққан азаматтың кім екені анықталды

Бұл туралы Kznews.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Желіде тараған мәліметке сәйкес, күдікті – Шардара ауданы Қоссейіт ауылында тұратын 41 жастағы тұрғын. Жергілікті жұртшылық оны асаба Алмас Садақбаев ретінде біледі. Әлеуметтік желідегі парақшасында ол әртүрлі тойларда жүргізуші болған сәттерін, ұлттық аспаппен түскен бейнелерін және мешіттен түсірілген суреттерін бөліскен.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның өз әкесін балағаттап, ұрып-соққан сәті түсірілген видео тараған болатын. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл оқиғаға байланысты Түркістан облыстық полиция департаменті күдіктіні қолға түсіріп, қамауға алғанын хабарлаған.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz