Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында кәсіпкер коронавирусқа қарсы күреске 25 млн теңге бөлді - Қазақстан жаңалықтары

Түркістан облысында кәсіпкер коронавирусқа қарсы күреске 25 млн теңге бөлді - Қазақстан жаңалықтары

Түркістан облысында "Nur Otan" партиясы қолға алған "Біз біргеміз" акциясы жалғасуда. Корнавирусқа қарсы күресті күшейту мен көмекке зәру тұрғындарға қол ұшын беру мақсатында ұйымдастырылған акцияға облыстағы кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары мен меценаттар жаппай қатысуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елге ауыр сын түскен уақытта облыстағы белгілі кәсіпкер, меценат Рәшкүл Оспанәлиева "Түркістан" әлеуметтік-корпоративтік даму қорына 25 млн теңге бөліп, үлкен жауапкершілік танытты. "Береке-А" корпорациясының басшысы карантинге дейін де қайырымдылықпен айналысып жүрген.

"Мемлекет тарапынан індетті таратпау, елдің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында кешенді жұмыс атқарылып жатыр. Бұл қиын сәтте елдің әр азаматы қоғамға қолдан келген көмегін көрсетуі тиіс деп есептеймін. Қауіпсіздік ережелерін сақтап, сабыр сақтай білсек, бұл қиындықтан да шығамыз", – дейді кәсіпкер.

"Біз біргеміз" акциясы аясында Түркістан облысындағы 2 мыңнан астам отбасына азық-түлік, гигиеналық және медициналық заттар таратылды.

Бұл міндетті орындауға "Nur Otan" партиясы филиалдарының өкілдері мен "жасотандықтар" және еріктілер тартылған.


stan.kz
Автор
Еркебұлан