KZNews.kz
Шоу-бизнес

Түркістан облысында газдан уланып, төрт адам қайтыс болды

Жандос

Түркістан облысы Төле би ауданындағы елді мекенде көпқабатты тұрғын үйде газдан уланып, төрт адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға бүгін, 1 наурызда Леңгірдегі №1 ықшам ауданында орналасқан көп қабатты тұрғын үйдің бірінде орын алған.

Төтенше жағдай салдарынан бірінші пәтерден бір адам, екіншісінен отбасының 3 мүшесі қаза тапты.

Қазіргі уақытта оқиғаның себебін анықтау үшін төтенже жағдайлар комитеті жұмыс істеуде.

Алдын-ала болжам бойынша, тұрғындар төменгі қабатта орнатылған газ қондырғысынан уланған.
Жандос
Журналист
Автордың басқа материалдары →