KZNews.kz
Қоғам

Түркістан облысында ер адам пойыз астына түсіп, қаза тапты

Торғын Абушахман
Фото: Тұрғындардан

Түркістан облысындағы Қостүйін станциясында қайғылы жағдай тіркелді. Теміржол қызметкері №77 жолаушылар пойызының астына түсіп, ауыр жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, пойыз шамамен 78 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Қауіп туындаған сәтте машинист шұғыл тежегішті іске қосқанымен, теміржолшы жолдан шығып үлгермеген.

    – Түркістан станциясының желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта іс бойынша оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Ведомство өкілдері Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын мәлім етті.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →