Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында екі жасар бүлдіршін су құбырына құлап кеткен

Түркістан облысында екі жасар бүлдіршін су құбырына құлап кеткен
Түркістан облысында екі жасар бала cуару каналына құлап кеткен. Құтқару қызметкерлері бүлдіршінді аман-есен шығарып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі оқиға 2022 жылдың 30 сәуірінде сағат 19.47-де болғанын хабарлады.

Кентау қаласы, Хантағы ауылында кәмелетке толмаған бала 500 миллиметрлік суару құбырына құлап кеткен.

"Үлкендердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған баланың құбырға құлап, 15 метр қашықтықта тұрып қалғаны анықталды", – деді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Талғат Уәли.

Құтқару операциясына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен үш құтқарушы мен бір техника жұмылдырылды.

Құтқарушылар баланы құбырдан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Белгілі болғандай, баланың жағдайы орташа, дәрігерлердің бақылауында. Осы ретте Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.


Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары