Түркістан облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметі арқылы 9 айлық сәби шұғыл түрде жеткізілді, деп хабарлайды kznews.kz Түркістан облысының әкімшілігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, бала ине жұтып қойған. Дәрігерлер бірден рентгендік тексеру жүргізіп, эндоскопиялық әдіс қолданған. Нәтижесінде бөгде заттың нақты орны анықталып, өңешке тұрып қалған ине сәтті түрде алынды.
Мамандардың жедел әрі кәсіби көмегінің арқасында ықтимал асқынулар алдын алынды.
Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты. Бақылау кезеңінен кейін сәби үйіне шығарылған.