KZNews.kz
Қоғам

Түркістан облысында 8-сынып оқушысы 2-сыныпта оқитын қызды зорлаған

Айжан Сыланова
Фото: ашықдереккөз

Facebook қолданушысы Нұрсұлтан Тошаевтың айтуынша, оқиға 7 маусым күні болған.

«Өткен аптада 8-сыныптың оқушысы 2-сыныпта оқитын қыз баланы Сүңгі өзенінің жағалауына апарып зорлап, намысына тиген деген дерек шықты. Қазір қылмыстық іске сараптама жасалып, қорытындысы шықты деген ақпарат бар»,—деді ол.

Түркістан облысының полиция департаменті зорлық оқиғасы бойынша күдікті ретінде кәмелетке толмаған бала ұсталғанын мәлімдеді.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір полиция барлық жағдайларды анықтауға бағытталған қажетті жедел тергеу іс-шараларын жалғастырып жатыр. Іс департамент басшылығының бақылауында»,—деді ПД баспасөз қызметі.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →