Павлодар облысында өгей әке қызын бірнеше мәрте зорлаған

Кәмелетке толмағанның дәрменсіз жағдайын пайдалана отырып, жыныстық сипаттағы әрекеттерді бірнеше рет жасау фактісі бойынша ер адамға қатысты қылмыстық іс Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
Істің мән-жайлары заңға сәйкес жарияланбағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды.
«Сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, жәбірленушінің және оның заңды өкілінің, куәгердің айғақтарымен, іс бойынша жүргізілген сараптамалармен және сотта зерттелген басқа да айғақтармен дәлелденді», - деп жазылған агенттік ақпаратында.
Прокурор айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші тарап мемлекеттік айыптаушыны толық қолдады. Айыпталушы екі бапта көрсетілген қылмыстарды толығымен мойындады.
Ер адамның жасаған әрекеті аса ауыр қылмыс болып саналады және оны жасағаны үшін заңда 15 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.