KZNews.kz
Қоғам

Түркияда туристер автобусы аударылып, 26 адам зардап шекті

KZNEWS

Түркиядағы Қараманда экскурсия жасауға арналған автобус аударылып, салдарынан 26 адам зардап шекті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі TGRT Haber сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


Зардап шеккендердің ішінде үш адамның жағдайы ауыр.

Автобус жүргізушісі Сусакли Махаллеси Ахмет Келешоғлу мәдени орталығының жанында төбеге көтеріле алмады. Нәтижесінде ол рөлді басқара алмай, көлік аударылды.

Жүргізушінің өзін қосқанда 26 адам зардап шекті. Олар Ерменек мемлекеттік ауруханасына жеткізілді.

Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар болды ма, әзір белгісіз.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары